Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.
Бүгінгі таңда ауданымызда отан үшін, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін сұрапыл соғысты көзімен көріп, қиындығын кеудесіне жиған жеңіс жауынгерлерінің 5-еуі ғана арамызда. Олар біздер үшін үлкен қазына. Ешнәрсемен тең келмейтін ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Қандай құрметке болсын лайық ардагерлерімізді құрмет тұтып, қадірлеу біздің азаматтық парызымыз.

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен тағыда құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Ұрпақ келешегі үшін жасаған сөзсіз қаһармандықтарыңыз бейбіт күннің ұландарына қалтқысыз үлгі болады деп сенемін. Көңілдеріңіз тыныш, күндеріңіз шуақты болсын!

Ізгі ниетпен,
Түлкібас ауданының әкімі
Н.Байғұт

Пікір жазу