Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 340 АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

340 АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ауылдық округтерінің орталық көшелерін аралап, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстарымен танысты, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы.

Сондай-ақ, карантин режимінде жұмысын бастаған кәсіпорындардың жағдайын көріп, баға тұрақтылығын назарға алды.

Қарабұлақ ауылының орталығы – Рустемов көшесінің бойында кәсіпкерлік нысандарды әрлеу құрылыс жұмыстары ауданның бас сәулетшісі ұсынған жобалар негізінде қарқын алған.

Бұдан кейін аудан басшысы бастаған жұмысшы топ Арыс ауылдық округіне барды. Мұнда Қожақорған ауылында көктемдегі қатты жел салдарынан құлаған су мұнарасы қалпына келтіріліп, 350-ге жуық абонент ауыз сумен қамтылып отыр.

Жақында Қожақорған ауылындағы ауыз су жүйесін бақылау үшін су мұнарасын қоршау жұмыстары және оператор бөлмесінің құрылысы басталады. Бұған қазіргі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 10,3 млн теңге қаржы бөлінді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу