Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 160 ТОННАДАН АСТАМ КӨМЕК КЕЛДІ

160 ТОННАДАН АСТАМ КӨМЕК КЕЛДІ

Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 160 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Атыраудан Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектер келді. Алып жүк керуені 2 күн бойы жол жүріп келген.

Атыраудан 160 тонна азық-түлік, киім-кешек пен гигиеналық заттар тиелген гуманитарлық көмекті жеткізу үшін 6 жүк көлігі, 20 «Газель» мен 2 жеңіл көліктен құралған керуен сапар шеккен.

«Екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіздік. Сонымен қатар, Атырау қаласы халқынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты 7 ауданның жастары жинаған 15 миллион теңге Мақтарал ауданының халқына беріледі. Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз!», — деді керуенді бастап келгендер.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету мақсатында арнайы қорға қаржы жиналған. Сонымен қатар, қажетті тұрмыстық заттар, киім-кешектер, төсек-орын жабдықтары жасақталған. Үлкен бизнесмендерден бастап қарапайым халыққа дейін қолындағы барын әкеліп берген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу