Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады.

Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және ХҚО-да ЭЦҚ мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.

– 12 мамырдан бастап ХҚО-ға тек заңды тұлғалар бара алады. Ал қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуды жалғастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80% — дан астамы egov.kz порталында қолжетімді екенін ескертеміз. Порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақталады және медициналық маскалардың болуы міндетті.

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайлары:

  1. Абай аудандық ХҚО, Мәделі Қожа көш., 1/16Г
  2. Әл-Фараби аудандық ХҚО, Ә. Жангелдин көш., 13А
  3. Еңбекші аудандық ХҚО, Шығыс м.а., 116/1
  4. Қаратау аудандық ХҚО, Төлеметов, көш., 35

 Өз тілшімізден

Пікір жазу