Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЗАҚТА ЖҮР ДЕПУТАТ…

СОЗАҚТА ЖҮР ДЕПУТАТ…

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болды. Сапар барысында мәжіліс депутаты ауданның индустриалдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда уран өндірісі мен кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерін дайындайтын зауыт жылына 50000 дана металл бөшке шығарады. Бүгінде зауытта 35 адам жұмыс істейді.

Халық қалаулысы пластик құбырларын шығарумен айналысатын «Благо-Лизинг НПЗ» ЖШС-нің, иодталған тұз шығарумен айналысатын «Дархан-АС» өнідірістік кооперативтерін аралап,  индустриалдық аймақтағы өндіріс орындарының жұмыстарына табыс тіледі.

Мұнан соң депутат 2016 жылдың желтоқсанында  Тұңғыш Президент күніне орай пайдалануға берілген ардагерлер үйінде аудан ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында депутат еңбек ардагерлеріне еліміздің заң шығарушы органында атқарылып жатқан жұмыстар, қазіргі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайлы жан-жақты баяндап берді.

Өз кезегінде созақтық ардагерлер халық қалаулысының жұмысына табыс тіледі.  Кездесуді аудан әкімі Салыхан Полатов қорытындылады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу