Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛАДА ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШЕКТЕР ЗАҢДЫ МА?

ҚАЛАДА ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШЕКТЕР ЗАҢДЫ МА?

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршектер орнынан алынуы тиіс, деп жазады Әл-Фараби ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.

– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақты (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

Төменде көрсетілген заңсыз орнатылған, сондай-ақ, нысаналы мақсатында сай келмейтін нысандардың иелері дүңгіршектерді өздері алуларын сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандары мәжбүрлеп алу бойынша шара қолданып, ал нысан иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатыны туралы хабардар етеміз.

Осыған орай, қосымшада ұсынылған дүнгіршектердің иелерін заң нормаларына сәйкестігін тексеріп, алып тастауды сұраймыз, – дейді жауапты мамандар.

Заңсыз қойылған дүңгіршектердің мекенжайы: Т.Рысқұлов көшесі, М.Дулати, Ж.Тәшенов, Жанкелдин, Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов, А.Байтұрсынов, М.Мәметова, Республика даңғылы, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Қазыбек би, Тұрысов, Түркістан, Адырбеков көшелері.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу