Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТӘСІЛДЕР

ШЫМКЕНТТЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТӘСІЛДЕР

Шымкент қаласындағы колледждер оқу жылын аяқтау кезінде аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі мәлімдеме жасаған Ж.Арысбекқызы аралық аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылатынын бүгін БАҚ-мен өткіліген брифинг барысында тілге тиек етті. Алдымен, автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып тестілеуді өткізу (Рlatonus, CollegeSmartNation);

-жеке жобаларды орындау (on-line, оff-line);
-практикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындау (on-line, оff-line);
-on-line режимде емтихан тапсыру.
Тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, практикалық және шығармашылық тапсырмалар колледждермен жасалып қашықтан оқыту порталында көпшілікке жария түрде орналастырылады.
Ал, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылатыны де ескерілді.
1. Дипломдық жобаны қорғау (орта буын, техникалық мамандықтары бойынша)
— Дипломдық жобаны қорғаудың басталуына 1 сағат қалғанда бітірушілер мен комиссия мүшелері видеосессияға қосылады;
— Бір бітірушінің баяндамасына 15 минут беріледі (қорғауға, баяндама жасауға, сұрақ-жауапқа);
— Бітіруші дипломдық жобаны электронды түрде дайындап, «демонстрация экрана» режимінде қорғайды;
— Қорғау аяқталғаннан кейін дипломдық жоба жетекшісі мен рецензенттің қорытындысы баяндалады.
2. Қорытынды емтиханды тапсыру (жұмысшы мамандықтары бойынша)
— Бітіруші емтихан тапсырар алдында веб-камера алдына жеке куәлігін көрсетеді;
— Техникалық хатшы «демонстрация экрана» режимінде бітірушіге билет нөмірін таңдауға мүмкіндік береді;
— Емтихан ерекшелігіне және басқа да шарттарға байланысты уақыт ішінде бітіруші сұрақтарға дайындалады;
— Бітіруші қойылған сұрақтарға жауап беруге дайын болған кезде, жауап парағын экранға қаратып көрсетеді, ал техникалық хатшы экран скришотын жасап, сақтап қояды. Бітіруші сұрақтарға ауызша жауап береді (бейнежазба жүргізіледі).

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу