Басты бет » Руханият » ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ

ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ

Қазақстан мемлекеті егемендігін алып, мемлекеттік рәміздерін айқындаған, шекарасын бекемдеген ел. Қазақ ұлтының дәстүрлі рухани құндылықтарын жас ұрпаққа жеткізу — әр азаматтың қасиетті борышы.

Дәстүрлі ислам діні қазақ даласында ең алғаш Қарахан мемлекеті мемлекеттік дін деп жариялаған. Содан бастап ұлан байтақ атырапта ислам дінін  ұстанып келеді. Ислам сөзі «бейбітшілік, тыныштық, амандық» деген мағынаны білдіреді. Қазақ елі үшін ұлттық құндылықтарды салт-сана, тіл мен дінді насихаттауда Алаш зиялыларының ықпалы орасан зор болған.

XX ғасырдың бас кезі – қазақ тарихында түрлі оқиғаларға, саяси өзгерістерге толы кезең болды.Кеңестік кезеңнің салған 70 жылдық зардабынан кейін, атеистік көзқарастардан бізді дін мен дәстүрдің сабақтастығы руханиятымызды сақтап қалды.

Алаш қозғалысының басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі халықтың саяси, рухани діни құндылығын дамытты. Осы тұста қоғамға әсіресе жастарға зиялы, ойшылдарымыздың діни өсиеттерін, еңбектерін кеңіненнасихаттауымыз қажет.

Халықаралық түрлі  адам құқығы және діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтық актілер сылтауын бетперде етіп ұстай отырып, олар жергілікті халықтың қалыптасқан мәдени ортасына түрлі діни шиеленісті мәселелердің бірінен соң бірін ендірді. Нәтижесінде, дәстүрлі емес діндердің кеңінен таралуы елдегі діни жағдайды одан ары өршітіп, елдегі онсыз да қалыптасып үлгермеген дінаралық қарым-қатынастарүйлесімін бұзды.

Біздің қоғам қайда бара жатыр, ұлтымыз қайда бара жатыр, мұсылмандығымыз қайда бара жатыр, осы сұрақтар әрбір қазақ баласын алаңдатып отырғаны ақиқат. Діни ақпараттардың, түрлі діни ағымдардың ықпалы бүгінгі таңда енді ғана ұлттық сананы қалыптастырып жатқан жастарымыздың арасында ықпалдырақ болып отыр. Кереғар діни ағымдардың іс-әрекеттерін ауыздықтау  қазіргі таңдағы бірден бір өзекті мәселелердің бірі.

Осы тұрғыдан алғанда, қазақ елінің дұрыс қалыптасып дамуы үшін діни ақпараттарды еліміздің мақұлданған діни ресми сайттарынан алуды әлі де болса түсіндіру қажет.

Қайтсек ел боламыз деп мақсат тұтқан қазақ зиялылары ресей империясының рухани езгісінде болған, туған халқын еркіндікке, бостандыққа, тәуелсіз ел болу үшін аянбай күресті. Бұл мақсаттың басты кілті ретінде олар рухани-бостандықты, ата дінімізді ислам дінін терең меңгеріп, ондағы құндылықтарды, имандылықты жүзеге асыру үшін қайта жаңғырту қажеттіктерін алға тартты. Қазақ зиялылары өз көзқарастарында қоғамдағы тоқыраудың себеп-салдары мен оның мәнін ашу жақтары, қоғам өмір-тіршілігінің жан-жақты тұстарын сынға ала отырып, осы жағдайды реттеу бағытында келелі пікірлер айтқан.

Алаш зиялыларына жол көрсетуші Абай, Ыбырай, Шәкәрім т.б. тұлғалар өз заманында қоғамға жаңаша ойлау үрдісін ұсына білді және руханият арнасында елеулі пікірлер мен көзқарастарын қалдырды, бүгінгі тілмен айтқанда ислам дінінің адамзатқа ортақ құндылықтарын айрықша дәріптеп, елге сәулелі ұстанымдар тегінің Құраннан бастау алатынын халық арасында тәптіштеп түсіндірушілер негіздеушілер болды деп те айтуымызға болады. Ендеше, қазіргі кездегі әртүрлі жат бағыттағы әсіре діни түсініктер қоғамымызда белең алып келе жатқан шақта, олардың алдын-алу шаралары жүйелі түрде қолға алынып отырған кезеңде, жоғарыда аталған зиялы, ойшылдардың байсалды ұстанымын ашып көрсетіп, оның ішкі мәніне жетіп, зиялылардың ақиқаттан ажырамай дін мен дәстүрді ұстай білгенін қоғамға түсіндіру. Қазақ зиялыларының діни дүниетанымын зерттеп, насихаттасақ, қазіргі жас ұрпақтың рухани әлеміне баға жетпес құндылық болары анық.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
әлеуметтанушысы Н.Абдукаримов 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*