Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАНДАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАНДАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды.

Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. Жұмысшы топтың бір бөлігі 38 қоғамдық көлікті аралап, анықталған кемшіліктер бойынша 4 автопарк, яғни «Ман Оңтүстік», «Санжар Моторс», «Сигма», «Шымкент Bus» басшыларына ескерту берілді.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында қолданылатын шаралар, талап етілген ережелер бойынша түсіндірме жұмыстары қаланың өзге аудандарында да жалғасуда.

Коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда. Талап етілген санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірге болып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз. Мұның барлығы өтпелі.

Карантиндік шараларды сақтау бағытындағы жұмыстар күнделікті жалғасады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу