Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады.

Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды.

Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет.

Жастардың еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарап, оның маңыздылығын арттырып, насихаттап, еліміздегі карантин шектеулері кезінде осылай онлайн форматта ұйымдастырып отырғаны көңіл қуантады. Іске сәт!

Айта кетейік,  Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 28 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді. Ту, Елтаңба және Әнұран ұлтымыз үшін аса қастерлі құндылықтар. Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтың рухын асқақтатып, ұлттық бітім-болмысын айшықтайды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу