Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Әр игі ісі еселеп жазылатын Қасиетті рамазан айында сансыз сауаптан құр қалғысы келмеген жандардың қатары аз емес. Әсіресе су тасқынынан зардап шеккен мақтаралдық тұрғындарға демеу болып, бауырластығын білдірген еріктілер бүгін тағы да гуманитарлық көмек жолдады. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен Шымкент қаласы,  Қаратау ауданына қарасты Өтеміс тұрғын алабының белсенділері игі істен шет қалмады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

«Біз біргеміз» акциясы аясында Өтеміс тұрғын алабының тұрғындары есебінен жиналған көмек қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестіріледі. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сарқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға мұнымен көмек тоқтап қалмайтынын айтты.

Елімізге қандай да бір қиындық түссе, ол сынақты жеңе білу — баршамызға ортақ дейді еріктілер. Өтемістік тұрғындар көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер, ең қажет деп саналатын  гигиеналық заттарды жолдады.

Қариялары  кейінгіге өнеге көрсетіп, ұрпақ жарастығын сақтап жүрген Өтемістік тұрғындар игі шарамыз мұнымен тоқтап қалмайды дейді. Ынтымақ пен бірлікке үндейтін осындай қайырымдылықтар бұған дейін де тұрғындардың назарынан тыс қалған емес. Иманды, ынтымақшыл ұрпақ тәрбиесі  осындай игі істерден  бастау алады,- дейді елді мекеннің имамы.

Өзгеге көмектесіп, қуаныш сыйлауды мақсат еткен еріктілердің игі істері  көпке үлгі!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу