Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШОМЫЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛЫП КЕЛЕДІ

ШОМЫЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы Қаратау аудандық ТЖД шомылу маусымына орай, және балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сақтық шараларын пысықтады. Шомылу маусымы жақындап келеді, сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз қажет, дейді төтеншеліктер.

Шомылу науқаны басталып келеді.  Осы орайда әрбір адам жеке басын сақтап өзінеде өзгеге де алғашқы көмек көрсете алғаны абзал. Шара барысында төтеншеліктер суға батып бара жатқан адамдарды қалай құтқару қажет екендігін көрсетт. Сондай-ақ,  есінен  танған жағдайда алғашқы көмекті қалай көрсету қажеттігін  қала тұрғындарына тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.

Қаратау аудандық ТЖД  судағы қауіпсіздікпен қатар қала тұрғындарына балаларды ойын алаңдарында және үйде қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Әсіресе бүлдіршіндерді терезеге жақындатпау қажеттігінде айтты. Ата-аналарға балаларын қатаң бақылауға алып перзенттерінің амандығы өз қолдарында екендігін түсіндірді.

Мұндай түсіндірме жұмыстары әлі жалғасатын болады. Тек азаматтар жеке бастарының амандығы үшін бүгінгі біздің айтқандарымызды қаперінде сақтаса жөн дейді.

Өзінің қауіпсіздігін сақтап, оқыс оқиғаларды болдырмауды естен шығармағанымыз абзал. Сондықтан әрбір адам өзінің жеке басының қауіпсіздігін  сақтаулары қажет.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу