Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

Оттан және түттіннен зардап шеккен адамдарға медициналық көмек қажет болады, ал жедел көмек келгенше өрт сөндірушілер оларға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Былай айтқанда өрт сөндірушілер-өртті де сөндіруші және құтқарушы, сонымен қатар дәрігерлік көмек көрсетуші де. Бұл жердегі барлық дағдылар тынымсыз жаттығудың арқасы. Өрт сөндірушілердің кзекшілігіндегі әрбір минут белгіленген. Бұл туралы «Ontustik» телеарнасының «Қауіпсіз қала» бағдарламасының эфирінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Бейсембаев айтып берді.
Азаматтық қорғау полковнигі өз сұхбатында өрт орын алған кезіндегі жедел әрекеттер туралы және алдын алу іс-шараларының жүргізілу барысы, сондай-ақ атқарылған жұмыстар жайында айтып берді. Сондай-ақ, ол алдағы өрт қауіпті кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті. Сөз соңында Аманбек Алтынбекұлы қала тұрғындарын және қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу