Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » БІРІНШІ ОРЫНДА — ҚАУІПСІЗДІК

БІРІНШІ ОРЫНДА — ҚАУІПСІЗДІК

«НарТВ » телеарнасының «Ашық әнгіме «бағдарламасында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов қатысып, тиісті сұрақтар бойынша сұхбат берді. Мамыр айында шаруа қожалықтары көктемгі егіс науқанын белсенді жүргізуде. Бірақ бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамайды.

Бұл ауыл шаруашылығы алқаптарының, орман-дала және саяжай алқаптарының жануына әкелуі мүмкін. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: саяжай қоғамдары мен дала жұмыстарын жүргізу орындары бойынша рейдтер, нұсқаулықтар, әңгімелесулер, тұрғындармен және шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жиындар. Әсіресе бұл жұмыс демалыс, мереке күндері белсенді жүргізіледі.

Тележүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, Департамент бастығы қала аумағында өрттің таралуының алдын алуға арналған минералдандырылған жолақтар уақытылы орындалғанын, қосымша ерікті өртке қарсы құралымдар дайындыққа келтірілгенін айтты.
Табиғи өрттердің алдын алу және оған қарсы күрес бойынша қабылданған шаралармен қатар суға шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. Қазір департамент қызметкерлері су объектілерінің қауіпті учаскелері бойындағы рейдтік іс-шараларды жандандырды.

Нұрболат Дербісов көрермендерге судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды.
Тағы бір өзекті мәселе – балалардың терезеден құлауы. Спикер Қостанай облысында баланың терезеден құлауын мысал ретінде келтірді. Ата-аналардың бейқамдығы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін еді, бала әлдеқалай аман қалды. Шымкентте балалардың құлау фактілері тіркелген жоқ, бірақ бұл мәселе өзекті болып қалуда. Департамент бастығы ата-аналарды қырағы болуға, терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбауға, баланы қараусыз қалдырмауға шақырды. Және баланың терезесін өз бетінше ашуға кедергі келтіретін тор немесе блокираторларды терезеге орнату қажеттігі туралы кеңес берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу