Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОНЛАЙН ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

ОНЛАЙН ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Мыңбаев Рашид тікелей онлайн сұхбат берді.

Сұхбатта жалпы осы жылы өткізілетін және жоспарланған, оның ішінде онлайн іс-шаралар бойынша жан-жақты тоқталып өтті. 2020 жылы Шымкент қаласы «ТМД елдерінің Мәдени астанасы» болып бекітілді. Елімізде төтенше жағдайға байланысты көптеген іс-шаралар кейінге шегерілді. Карантин уақытысы біткен кезде, қалыпты өмір сүруге бейімделген уақытта өткізілетін шаралардың жоспарымен қосымша хабардар ететіндігін айтты. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 18 мемлекеттік мекемелері бар. Оның 5-і театр, кітапханалар, цирк, зоологиялық саябақ, тіл оқыту орталығы сынды кешендер. Негізгі жұмыс барысы қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастыру, мәдени іс-шаралар өткізу болып табылады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын төтенше жағдай кезінде өз үйлерінен шықпай онлайн байланысқа шығуға шақырды.  Басқарма тарапынан апта сайын онлайн іс-шаралар жоспарланып, өткізіліп жатыр. Ал, 18 бен 24 мамыр аралығында 58 іс-шараның онлайн түрде өткізілетіндігі жайында хабардар етті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу