Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

«Оңтүстік» телеарнасында тікелей эфирде «Таң нұры» бағдарламасында Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тасқараев сөз сөйледі. ТЖ қызметкері қауіпсіздік бойынша бірқатар өзекті тақырыптар бойынша сөз сөйледі — бұл жазғы өрт қауіпті кезеңге дайындық, суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік және биік үйлердің терезелерінен балалардың құлауын алдын алу.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт қауіпті кезеңінде ыстық ауа райы басталысымен, 2-3 есе артады. Өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығында ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, автомобиль жолдары мен орман-дала шаруашылықтары бойындағы минералды жолақтарды өткізудің бірінші кезеңі аяқталуда. Өрт қауіпті кезең бойынша дайындық шаралары туралы айта келе, Еркебұлан Тасқараев судағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады. Тікелей эфирде су объектілеріндегі тәртіптің негізгі ережелерін еске салды.

Сонымен қатар өзін-өзі оқшаулау режимінде балалардың қауіпсізді мәселелері де ең өзекті болып қалып отыр. Олардың арасында балалардың терезеден құлауының алдын алу. Қаратау ауданында жаңа көпқабатты үйлер көп орналасқан. Сондықтан телекөрермендерге құлаумен байланысты жазатайым оқиғалардың мысалдарын келтіріп, ата-аналарға кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауды кеңес берді.

Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу