Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент коронавирус індетіне қатысты өз пікірін білдірді.

— Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті, — деді Мемлекет басшысы.

Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенім білдірді.

Әрине, бізде қолымыздан келген көмекті көрсетіп, Президенттің сеніміне селкеу түсірмейміз. Татулық пен ынтымақтың арқасында бұл індетті де артта қалдырарымыз сөзсіз.

Мен жерлестерімді осы орайда, тәртіпке бас иіп, сақтық шараларын күшейтіп індетке қарсы төтеп беруге шақырамын! #БізБіргеміз

Меруерт Медетбекова,
Филология ғылымдарының кандидаты

Пікір жазу