Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БІЛІМ САЛАСЫНДА ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

БІЛІМ САЛАСЫНДА ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ақмарал Жүнісованың қатысуымен білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы онлайн — брифинг өтті.

Департамент басшысы міндетін атқарушысының мәлімдеуінше, енгізілген өзгерістер барысында педагогтарды кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша өтініштер түскен жағдайда педагогтардың құқықтарын бұзғаны үшін тиісті тұлғалар мен кәсіптік субъектілері жауапқа тартылады. Бұл ретте тексеру ісі Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменттері Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінде жоспардан тыс тіркеледі.

Осы орайда Ақмарал Жүнісова: «Жоғарыда атап өткен құқықтық нормалар бұзылса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409 бабына сәйкес бірінші ескерту жасалады, егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде тағы қайталанса, 20-дан 120-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деді.

Брифинг соңында А.Жүнісова: «Алдағы уақытта білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, білім беру сапасының артуы көзделуде» деп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу