Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖАҒДАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖАҒДАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін, «ADAL KOMEK»  жобасы аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы «Әлеуметтік көмек және мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін жеңілдіктер бойынша» тақырыбында тікелей эфир арқылы сұхбат берді.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 2020 жылдың 21 мамырына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 735 отбасының 4031 адамына 97 473,7 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді ал, 2020 жылдың ІІ тоқсанына барлығы 744 отбасыға 118 604 715 теңге тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1075 балаларына 15 425,7 мың теңгенің азық-түлік жиынтығы және гигиена құралдары таратылды.

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі 1492 баласының әрқайсысына 5647 теңгеден барлығы 8 425 324 теңге азық-түлік және тұрмыстық жиынтығын сатып алу үшін есеп шоттарына аударылды.

Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты халықтың жекелеген санаттарына 5567 теңгеден азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету үшін 7138 адамға 39 737 246 теңге республикалық бюджеттен қаржы төленді.
— Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар — 1492 :
— барлық топтағы мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар — 4121;
— Мүгедек баланы күтуімен айналысатындар — 835;
— Жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер — 690.
Барлығы 7138 адам.

Мүгедектер жөнінде толықтай айтатын болсақ
2020 жылдың 1 мамырына ауданда халық саны-121746 адам, отбасы саны-21604, оның ішінде 5035 мүгедек азаматтар есепте тұрады, ауданның жалпы тұрғындарының 4,14% құрайды.
*міндетті гигиеналық құралдарға 386 адамға барлығы 52 540,6 мың теңгеге (ЖБ-37025,6 мың теңге; РБ-15515,64 мың теңге) жөргектер сатып алынды;
*мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету бойынша 279 адамға республикалық бюджеттен 7 015,3 мың теңгеге құралдар сатып алынды;
* спина Бифидамен ауыратын балаларға республикалық бюджеттен 204,8 мың теңгеге құралдар сатып алынды;
*45 есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының, 37 жүріп-тұру қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі көрсетілуде.
* 42 мүгедекке облыстық басқармадан 45 қол арба, 32 мүгедекке 67 тифлотехникалық құралдар берілді.
Жергілікті бюджеттен санатория-курорттық емдеуге зейнеткерлер мен мүгедектерге 111 жолдама сатып алынды.

Облыстық басқармаға бағынысты «Ардагерлер үйіне» -55 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне- 50 жолдама жекелеген санаттағы азаматтарға берілді.
-ҰОСМ мен ҰОСА-2 адамға
-Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері-11 адамға (30 000 теңгеден) 330,0 мың теңге;
-ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер-199 адамға (35АЕК-97 230 теңгеден) 19348,8 мың теңге;
— Тыл еңбеккерлері -470 адамға (30 000 теңгеден) 14 100,0 мың теңге;
барлығы 682 адамға өз жеке шоттарына 35 778,8 теңге төленді.
— Күтім көрсетуге мұқтаж 80 жастан асқан 8 қарт азаматтарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмекке әр қарттың өз жеке шоттарына ай сайын 2 778 теңгеден 5 айға 105,4 мың теңге төленді.
— 3834 көп балалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмекке өз жеке шоттарына 5302 теңгеден 20327,9 мың теңге игерілді.
— Қаза тапқан әскери қызметшілердің 10 отбасына біржолғы әлеуметтік көмекке әр отбасының жеке шоттарына (5 АЕК-2651) 13255 теңгеден 132,5мың теңге төленді.
— Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын 71 адамдарға өз жеке шоттарына ай сайын (10 АЕК-2778) 27780 теңгеден 5 айға 6012,7 мың теңге төленді.
-Адам иммун тапшылығын жұқтырған 14 адамға (АҚТҚ) әлеуметтік көмек бойынша өз жеке шоттарына (ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі есесі 30 320) 60 640 теңгеден 4 168, 1 мың теңге төленді.
-Үйде оқып және тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек 168 балаларға ай сайын (1-АЕК-2778) 2 778 теңгеден 5 айда 2 350,0 мың теңге төленді.
-«Қарттар мен мүгедектер» және «Балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға» үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде жалғызілікті жеке тұрушы 111 қарт, 165 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар қамтылып, 43 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
-25 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар «Күндізгі қатынау жартылай стационарлық үлгідегі» бөлімшесінің қызметін алуда.

©Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу