Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕР КЕЛУДЕ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕР КЕЛУДЕ

Ауданымызда су тасқыны зардабын тартқан тұрғындарға гуманитарлық көмек келуде. Осыған орай Түркістан облысынан алғаш болып Мақтаарал мен Сайрам аудандары көмек қолын созды. Атап айтқанда, Сайрам ауданы 6 газельмен құны 7 млн теңгені құрайтын 10 тонна көмек жеткізсе, Мақтаарал ауданы өздерінің 10 тонна көмектерімен келді.

Созақ ауданы әкімдігі де ауданда орын алған сел салдарынан зардап шеккен тұрғындарға 2,5 тонна азық-түлік жеткізді. Бұдан бөлек, ленгірлік жеке кәсіпкер Рустемов Сакен құны 300 мың теңге болатын 1 тонна күріш алып келді. Орталық спорт кешеніне кәсіпкерлер, қайырымды азаматтар тарапынан азық-түліктер жеткізіліп жатыр.

Жамбыл облысы да игі жұмыстан шет қалмай, 16 тонна азық-түлік жиынтығын жөнелтіп, барынша көмек қолдарын созуда.

Келген көмектердің ішінде халықтың күнделікті тұрмысына қажетті ұн, күріш, макарон өнімдері, май, құмшекер, картоп, пияз, сәбіз, капуста, балалар тағамы, балалар тағамымен бірге, гигиеналық және шаруашылық заттары бар. Айта кетері, әрқашан игілікті істердің басы-қасында жүретін ерікті жастар осындай сәтте халықтың жанынан табылып, көмек-қолдауларын көрсетуде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу