Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » “БАСТАУ БИЗНЕС” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

“БАСТАУ БИЗНЕС” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды.

1. Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀
Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀

2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға өтініш бере алады.

https://atameken.co/ru/course-bastau

Оқуға қатыса алмайтын азаматтар:

Ресми түрде жұмыс жасайтындар;
Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар;
Ресми түрде бала күтімінде отырған(декреттегі);
Күндізгі бөлімде оқитын студенттер;
ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерлер;

Оқуға қатыса алатын азаматтар:

— 18 жас пен зейнет жасына дейін жұмыссыз азаматтар;
— жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен)
— аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)
— көпбалалы отбасылардың мүшелері;
— қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күн. Оқуды аяқтаған қатысушыларға 2 жылға жарамды сертификат беріледі.
Сертификат арқылы жеңілдетілген несие алуға, басқа да мемлекеттік гранттардың конкурсына қатысуына болады.

Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға(сертификатпен) жеңілдетілген 4% несие алуына да болады!
⠀Қаржының көбісі қаржыландыруға жеңілдетілген несиеге бағытталған.
Мемлекеттік грантқа жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтар оқуын аяқтағаны туралы сертификат арқылы қатыса алады.
ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 1 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатысады.

Төмендегі әлеуметтік топтағы азаматтар:
-аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)
— көпбалалы отбасылардың мүшелері;
— қоныс аударушылар және оралмандар,
мемлекеттік грант конкурсына оқымай(сертификатсыз) қатысуға мүмкіндігі бар.

Қосымша сауалдарыңыз болса, Атамекен кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Сайрам мөлтек ауданы, Ерімбетов көшесі 304 г, «Дәстүр» тойханасының жанында орналасқан.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікір жазу