Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

КӨШ ІЛГЕРІ

Жаппай кәсіпкерлікті  дамыту  шеңберінде  жеке  ісін  ұйымдастыру  және  кеңейту  арқылы халықты  жаппай  кәсіпкерлікке  ынталандыруда  экономикалық  белсенділікті  арттыру мақсатында  берілген  микрокредиттерді алу бойынша Сайрам ауданы ілгері жұмыс жасауда.

Яғни, бағдарламаның  басты  мақсатын түсінген бұл аудан, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бағытында жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы  оң нәтижеге қол жеткізген.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-бағыты  «жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту» бойынша, шағын несиемен  қамту  арқылы  азаматтарға  жеке  ісін ұйымдастыру  және  кеңейту  үшін  қолдау  көрсету, жаңа жұмыс  орындарын  ашу жұмыстары  жүйелі  түрде  іске асып, аудан халқының әлеуметтік жағдайының одан әрі көтерілуіне үлес қосуда.

Атап айтқанда, 2017 жылдың есепті мерзіміне дейін 90  адамға     жеке  ісін ұйымдастыруға  312 млн. 350 мың теңге көлемінде шағын  несие  берілді. Несие алған азаматтардың басым көпшілігі мал шаруашылығын дамытпақ. Осының нәтижесінде қосымша  96  жаңа жұмыс орындары  ашылды.

Ал, «Бастау бизнес» жобасы бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне 127 адам оқытуға жолданып, оның 95 оқуды аяқтап, сертификат алды. Ал, қалған    32 азамат оқуды жалғастыруда. Сертификат алған азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы  шағын несие алуға қаржы ұйымына жолданып, бүгінгі таңда құжаттары қаралуда.

Өз тілшімізден

Пікір жазу