Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «МЕНІҢ ТУЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«МЕНІҢ ТУЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылы 4 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Менің туым» акциясы болып өтті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.


Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған акция аясында барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардардың балкондары мен аулаларына мемлекеттік тулар ілініп, Әнұран шырқалды. Сонымен қатар аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөліктер шеруі жүріп өтті.


Облыс жұртшылығына рәміздердің шығу тарихы мен бейнелерін кеңінен насихаттауға бағытталған Мемлекеттік ту бейнеленген түрлі көрнекі үгіт құралдары таратылады.
Ең алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бейнесі 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде бекітілген болатын. Мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын дәлелдеген осы айтулы күннің орын алғанына биыл 28 жыл толды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу