Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҚЖАУЛЫҚТЫ АНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

АҚЖАУЛЫҚТЫ АНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

Түркістан облысы полицейлеріне ақжаулықты ана алғысын айтты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Мамыр айының 2-сі күні алаңсыз үйінде шәй ішіп отырған Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны Айсұлу Молдабековаға екі бірдей ұлы қайта-қайта келіп, ауылды су басайын деп жатқанын ескертіп, алып кетуге тырысады. Алайда, анасы балаларының сөзіне сенбей, үйінде қалып қояды.
Осы кезде жергілікті Мақтаарал аудандық полицейлері бірден әрекетке көшіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кеткен еді. Әрбір үйдің есігін қағып, үйлерінен жиналып шығуын ескертіп жүрді. Кезек Айсұлу Молдабекованың үйіне келіп, полицейлер егде жастағы тұрғынға барлық жағдайды жіті түсіндіріп, тезірек қауіпсіз аймаққа шығу керектігін хабарлайды. Полицейлердің өзі дабыл қағып жүргеніне қарағанда, рас болғаны ғой деген тұрғын тез жиналып шығады.
Өз кезегінде ақжаулықты ана «Полиция балдарыма рахмет, үйге келіп, менің қауіпсіз жерге шығуыма ықпал етті. Әйтпегенде, су астында қалар едік. Әрбір үйге кіріп, жылдамдатуларын ескерткен полицейлердің жұмысын көзіміз көрді. Еңбектері жана берсін»-деп ақ батасын беріп, алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан
Мақтараал ауданын су басып, аумақта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Тілсіз жау тұрғындарды жылатып, бейқам өмір кешіп жатқан халықты санаулы уақыт ішінде дымсыз қалдырғаны белгілі.
Осы тұста полицейлер тарапынан жедел түрде атқарылып жатқан барлық іс-шараларды ҚР ІІМ-і қатаң бақылауға алды. Ел-жұрттың амандығы үшін тиянақты тапсырмалар беріліп, орындалуда.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу