Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 100-ДЕН АСА АВТОКӨЛІКТІ ТІРКЕГЕН

100-ДЕН АСА АВТОКӨЛІКТІ ТІРКЕГЕН

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша Шымкент қаласы үздік үштікті аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды.

1 маусымынан бастап еліміздің барлық аймақтарында Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды. Алғашқы он күнде Шымкент қаласы Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеген.

Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейінгі үздік үштікті Шымкент қаласы аяқтап отыр. Аталмыш департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ісіне қатысты жүргізушілерге тиісті кеңес беруде. Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, 15-20 минуттың ішінде тіркеуге болады.
Тіркеу құнына:
— 695 теңге — тіркеу үшін алым;
— 3 773 теңге — көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
— 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

 

Пікір жазу