Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында бағыттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбанұсқасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін Шымкентке 590 жаңа автобус әкелінеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді.

Бүгінде қаланың шалғай шағынаудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 әлеуметтік маршруттар қызмет көрсетуде.
Қала аумағында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын «CityTransportationSystems Transport» (Астана LRT) ЖШС жүзеге асырады. Қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, қоршаған ортаны қорғау, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Бірыңғай оператор болып анықталған «БРК-Лизинг» АҚ-мен түзілген шартқа сәйкес, 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобусты қаржылық лизингке алу көзделуде. Бүгінгі күні 70 автобус жеткізілді. Қалған автобустар қыркүйек, қазан айларында келеді. Ал қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Жүйені ағымдағы жылы тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Абай Әбдіманапұлы.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу