Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ІНДЕТТІ ТӘРТІП ЖЕҢЕДІ

ІНДЕТТІ ТӘРТІП ЖЕҢЕДІ

Әлемдік статистикаға жүгінсек, карантин талаптарын жеңілдете бастаған елдерде дерт қайта күшіне енуде. Өз кезегінде вирусқа тосқауыл болудың бірден -бір жолы карантин тәртібіне бағынуды талап етеді.

Таралымы тез жұқпалы аурудан тек қорғану ғана сақтайды. Ол үшін сақтық шараларын қатаң ұстанып, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз тиіс.

Қазір Шымкент қаласы бойынша да ахуал көңіл көншітпейді. 1022 азамат осы дертпен күресіп жатыр.

Сондықтан да сақтық шарасы орындалмаса, барлығымызға қауіп төнеді. Мұның әзілі болмайды. Әрбір сақтық шарасы жан құтқарады. Әрбір немқұрайлық қауіпті он есе арттырады. «Үйде отыр, өзіңді және төңірегіңдегілерді қорға» деп кеңес береді мамандар.

Күнен — күнге өршіп бара жатқан дертті тек тәртіп қана тоқтата алады. Әрбір азамат осыны жіті түсініп карантин режимін ұстану қажет.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу