Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БЮРО ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

БЮРО ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы М.Әйтенов пен кеңес бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты.
Отырыс барысында 2020 жылдың 5 айында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өз бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы бірқатар салалық басқармалардың есебі тыңдалды, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. 

Жиында Жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков жыл басынан бері 20 000 га жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізілгенін баяндады. «Түгендеу нәтижесінде 8637 га құрайтын 836 учаскесі нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізілуде» — деді.

Сондай-ақ 5 айда алаңы 17,3 га болатын 152 жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылған. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылының құрылысы, Астана даңғылының жалғасы, әуежайдағы жаңа терминал құрылысы, «Қошқар ата» өзені аумағында көп қабатты тұрғын үйлер, Асар ш/а жұқпалы аурухана құрылысы салынған жерлер.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу