Басты бет » Руханият » ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды.

Онлайн жүйесіндегі экспедицияның мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру және қаланың туристік әлеуетін таныту.

Онлайн экспедицияны ұйымдастырушылар қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесененің тарихымен таныстырды.

Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын қоршау, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы реттелгені белгілі. Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштердің көбіне QR кодтар орнатылған.

Сансыз бабтар мекеніне зиярат етушілер ең алдымен Ибраһим ата кесенесіне ат басын тірейді. Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим-Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалған. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.

Қарашаш Ана күмбезі — ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауидің анасы — Қарашаштың басына тұрғызылған. Шымкент қаласы Сайрам ауылында орналасқан.

Қызыр пайғамбар мұнарасы (18–19 ғасырлар) – сәулет өнері ескерткіші. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған минарет мұнаралы құрылыстар қатарына жатады. Тұрғызылған кездегі биіктігі 10,5 м болса, кейіннен жер сілкінісінің нәтижесінде біраз бөлігі құлаған. Қазіргі кезде құрылыстың сақталған бөлігінің биіктігі 5 метр шамасында.

Мірәлі баба кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген діни ғұлама адамның құрметіне арналып салынған.

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының шығыс бөлігінде орналасқан тағы бір киелі жер — Сайрам қалашығы (Исфиджаб). Сайрамның тарихи аты – Исфиджаб. 1,5 мың жылдық тарихы бар Сайрам шаһары қазақ халқының материалды және рухани қазынасы. Х-ХІ ғғ. Бұл ғимарат екі порталды, бір күмбезді болып келеді. Көлемі 6,7х6,5 м, биіктігі 7,7м кесененің іргетасымен есептегенде биіктігі – 5,75 метр, күмбезі биіктігі – 3,0 метр.  Әбділ Әзиз — баб атындағы кесене XVI жылы тұрғызылған.

 

©Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*