Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МЕКТЕПТЕРДІ БОПСАЛАУ…

МЕКТЕПТЕРДІ БОПСАЛАУ…

немесе
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ МҰНДА ЖАТЫР…

д-04

Бұл нашар үрдіс әлі де жаппай жалғасып келеді. Бір қызығы, бопсалап жүргендер – өзін «журналист» атап жүргендер. Жасы бар, кәрісі бар – ешқайсысы ерінбейтін болды: барады да, мектеп басшыларына, балабақша меңгерушілеріне ұялмай, қымсынбай «салық» салып кетеді.

Жуырда Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандарына барған бір топ «тілшілер» әр мектепке 50 мың мен 100 мың теңгенің арасындағы «міндетті» іліп кеткен. Бұндаймен қазір «СА», «ЖҚ», «АА», «ТО» газет қызметкерлері ашық айналысып жүр. Оларды былай қойғанда, облыс орталығындағы бір емес, бірқатар телеарна тілшілеріне де бұл жаман әдет тән болып келе жатыр. Оқу тоқсаны аяқталысымен жетіп барады да: «Пәлен бермесең, ана жеріңді, мына жеріңді түсіріп кетеміз», – деп қорқытып-үркітіп, зәресін қашырады.

Былығы жетіп-артылатын мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері құқық қорғау органдарына шағымдануға бата алмай: «Аш құлақтан – тыныш құлақ!» деп, мойындарына алаяқтардың салып кеткен «салықтарын» амалсыз төлеп отырады. Өз қалталарынан төлесе, мейлі ғой – қызметкерлеріне «шашады».

Айтпақшы, Шымкенттегі бір телеарна осы «жаман әдетті» әбден жолға қойып алған көрінеді. Олар ымдамай-ақ, облысымыздағы көптеген мекеме басшылары (тіпті, аудан басқарып жүрген азаматтар да арасында бар) «тиісті төлемдерін» өздері әкеліп, «жындымен жынды болам ба деп» әлгінің қалтасына сүңгітіп жібереді. Содан ғой, ол тайраңдап, жер шарын шарлап жүргені.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», – демекші, таңба бәрімізге түсіп кететін болды. Осыны тоқтататын облысымызда күш бар ма екен? Әлде, анау депутат қой, мынау – мынадай мықты ғой деп құзырлы мекеме басшылары да қорқып жүр ме екен? Мектептерге шынайы жаны ашитындар табылса, осы істі неге қолға алмасқа?!

Әсет Әссанди

Пікір жазу