Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкент қаласында инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева баяндады.

«Бүгінде қаламызда ЖРВИ, пневмония және тұмаудың басқа да түрлерімен ауырғандар саны көбейіп кетті. Осы себепті халық рецептсіз босатылатын дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл дұрыс емес. Дәрілердің мерзімі мен сақтау жолдары бар. Егер ол дұрыс сақталмаса, адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан дәрілерді, мейлінше, дәрігердің нұсқаулығымен сатып алу керек» — дейді ол.

Ләззат Қашқынбаеваның айтуынша, қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспеген. Алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар бар. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда. Қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады екен. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті көрінеді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу