Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БИЫЛ 4000 АЗАМАТ КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ АЛАДЫ

БИЫЛ 4000 АЗАМАТ КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ АЛАДЫ

Шымкентте жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді. Бизнесті қалай және неден бастау керек? Алғашқы қаржыны қайдан алуға болады? Осындай сұрақтармен әрбір жас кәсіпкердің бас қатырары анық. Осы орайда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі кәсібін ашқысы келетіндерге арналған «Бастау Бизнес» жобасы. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Шымкентте «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау үздіксіз жүріп жатыр. Жобаға 18 жастан асқан жұмыссыз азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ өз кәсібін ашқанына 1 жылдан аспаған жас кәсіпкерлер де қатыса алады. Ол үшін бар болғаны 2 кезеңнен өтесіз.

Әділжан Датқаев – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
Бірінші міндетті түрде осы категориялар Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өз статусы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жолдама алады. Сөйтіп, біздің платформаға кіріп, жолдаманы тіркеп, жеке куәлігінің екі жағын міндетті түрде тіркеу керек.

Оқу мерзімі 21 күнді қамтиды. Биыл өтінім берушілердің көп болу себебінен 1850 орынды екі есеге ұлғайттық, — дейді мамандар. Нәтижесінде, 2020 жылы 4000 азамат кәсіпкерлік білімін жетілдірмек. Сондай-ақ, еліміздегі карантиндік режимге байланысты атамекендіктер оқу үрдісін онлайн форматқа көшірген. Ал, оқуды аяқтаған түлектер мемлекет есебінен берілетін 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржы ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Әділжан Датқаев – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы
Кәсіпкерлік біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар үшін 18 бизнес-тренер жұмыс істейді. Оқыту маусым мен қыркүйек айлары аралығында, 5 ағым бойынша жүргізілмек. Айтып өтейік, өткен жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында 4335 азамат оқуды аяқтап, 1863 жас кәсіпкер қайтарымсыз қаржыға ие болған.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу