Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Ақ жайық шағын ауданы мен Төлеметов және Көкшетау көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің аулалары мен кіребестері залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Еске сала кетейік, пандемияның алдын алу жұмыстарына аса көңіл бөлінген. Аудандағы қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларын дәрілеу жұмыстары кестеге сай күнделікті жүргізілуде. Осы бағытта сіз де өз үлесіңізді қосып, санитарлық тазалықты сақтаңыз деп ескерткіміз келеді. Қажеттілік болмаса үйден шықпауды сұранамыз.

Жалпы, вирусты инфекцияға шалдыққан адамдар санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Сондықтан да медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу