Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түстен кейін

ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түстен кейін

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың тамыздың соңғы күніне тура түсіп тұрған бірқатары бүгін түстен кейін Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ұсынылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басымдылықтармен ұштастыра отырып, насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған шаралар Астана қалалық балабақшаларында Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының қойған А.Малюченконың «Масақ» қойылымынан басталады.

Одан соң «Оңтүстік-Цирк» мекемесі сағат 16:00-де «Томирис» ертегілік қойылымына Астана циркіне шақырады.

Сағат 17:00-де Этноауылда Шәмші Қалдаяқов пен Сейдолла Бәйтерековтің әндеріне арналған «Шарықтаған Оңтүстік әндері-ай» концертіне шақырамыз.

Одан кейінгі мәдени шараларымыз «Бәйтерек» алаңында жалғасады.

Сағат 19:00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының қазақ ұлттық және әлемдік операларынан үздік шығармаларды «Інжу-маржан» концерттік бағдарламасы паш етеді.

Сағат 20:00-де сол «Бәйтерек» алаңында «Астананың жұлдызды түні» деп аталатын жастарға арналған думанды би кеші осы күнгі бағдарламамызды қорытындылайды.

Пікір жазу