Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПОДСТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ПОДСТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте қуаты 220 КВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Қаладағы 81 елді мекеннің 46-ы сапалы электрмен қамтылған, 35-інде сапа төмен.
Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7 млрд.теңгеге 10 елді мекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысы салынған.

Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылысты «Аврора Констракшэн» ЖШС жүргізуде.

Подстанцияны 2020 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Орнатылатын басты құрал жабдықтар:
— учаске аумағы — 2,01 га;
— 220 кВ автотрансформатор — 2х160 МВА;
— 220 кВ-ӘЖ ұзындығы — 29,2 км;
— 220 кВ КРУЭ – 1 жинақ;
— 110 кВ КРУЭ – 1жинақ;

Осы жоба аяқталса, Тұран, Шымкент сити, Асар-2, Бозарық, Бозарық-1,2,3, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Қайнар-бұлақ шағын аудандары сапалы электр жарығымен қамтылады.

Еске сала кетсек, бұл өзекті инженерлік — инфрақұрылымдық мәселе қала әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде айтылған болатын. Халық саны жедел өсіп, қалаға жаңадан 41 елді мекен қосылды. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Алдағы 3 жылда осы мәселені барынша шешуге жұмыс істейтін боламыз. Халық алдындағы есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі биылғы жылы 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесі шешілетінін айтқан болатын.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу