Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қала аумағында жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Дезинфекциялау жұмыстарына қала бойынша барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер — 40, сервистік мекемелер — 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы — 7, Әл-Фараби ауданы — 6, Еңбекші ауданы — 7, Қаратау ауданы — 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мамандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкі орамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады.
Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

©Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу