Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін ақпараттық – коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен өткен брифинг барысында аудан әкімі кәсіпкерлік нысандарында карантиндік талаптарды сақтау бойынша мобильді топтың жұмысы туралы айтып өтті.

– Абай ауданы аумағында 4 мобильдік топ құрылып, қазіргі таңда 1850 кәсіпкерлік нысан иелеріне ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2 базарға «Авто-нұр», «Тұлпар» және түрлі қызмет көрсетудегі 44 кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды. Сонымен қатар 27-28 шілде аралығында жүргізілген мобильдік топтың кешкі рейдтік жұмыстары нәтижесінде аудан аумағында 12 нысан карантин режимін сақтамай жұмыс істегендігі анықталды. Жалпы, аудан аумағындағы базарларда, ірі сауда үйлерінде және түрлі қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарын сақтау, бас дәрігердің қаулысының талаптарын бұзбау жөнінде күнделікті ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айта кеткім келеді, – деді ол.

Бұдан бөлек, Бұхарбай Рысқұлұлы аудан аумағында 453 көп қабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазартуға 354 млн мың теңге қаржы қарастырылып, жұмыс атқарылғанын жеткізді. Және қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен ауданда істелініп жатқан жалпы жұмыстар жөнінде толық мағлұмат айтып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пікір жазу