Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СӘТТІБАЕВТЫҢ СӘТТІ ҚАДАМЫ

СӘТТІБАЕВТЫҢ СӘТТІ ҚАДАМЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Сәттібаев Айбек Берікұлы тағайындалды.

Айбек Сәттібаев бүгінгі күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген.
Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі.

Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «Болашақ» стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған.

Еңбек жолында Қазақстандағы түрлі банк мекелерінде, Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің бас маманы, сарапшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, «Uly Dala» компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып еңбек еткен.

Қала әкімінің жаңа орынбасарына сәттілік тілейміз.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу