Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕГІС АЛҚАБЫНАН АЛЫНАТЫН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

ЕГІС АЛҚАБЫНАН АЛЫНАТЫН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан.

Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың 95 пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125 тонна тыңайтқыш субсидияланған.
Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер көлемі бөлінген. Егістік жер — 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі 11 мың гектарды алып жатыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу