Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Жол картасымен» 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп жазады Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шараларды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы қызу жұмыс жүруде.

Атап айтар болса, қала бойынша 236 жоба нақтыланған. Соның негізінде жоспар бойынша 8380 жұмыс орны бар. Оның ішінде 4190 жергілікті жұмыссыздарды жұмысқа жолдау көзделген. Бүгінгі таңда 7536 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 3815 адам (50,4%) жолданды.

Қазіргі жағдай бойынша 8000 астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 6255 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды. Мысалы, Жастар практикасына – 1829, қоғамдық жұмыстарға – 4153 және әлеуметтік жұмыс орындарына 273 адам жолдама алып, жұмыспен қамтылды. Жаңа жұмыс орындарына 1566 адам жолдама алды.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу