Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Шанин театры ұсынады

ЭКСПО – 2017: Шанин театры ұсынады

Елордада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасына Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры өз үлесін қосып келеді. Қыркүйек айының 3 жұлдызында сағат 11.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышуға бет алған шығармашылық ұжым өзінің жаңа қойылымдарының бірін сахна төріне шығарады.

Қазақстан театрлар Ассоциациясының 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестиваліне, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры О.Богаевтың «DOWN – WAY» қойылымымен қатысатыны белгілі болатын.

«Адам» сөзін таразының басына салғанда, өз тасын басуға, не тепе-теңдікте ұстауға шамасы жете ме?! Күнделікті тіршілікте Адам, қилы қақтығыстар легімен бетпе-бет келіп, «Тәңірдің сынағына» тап болғанын байқамай жатады.
Қойылым терең пәлсәпалық ойды көрермен талқысына тастайды.

Қадірлі театр сүйер қауым! Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Оңтүстік өнерінен сусындауға шақырамыз! Астана қаласының Жастар театрында О.Богаевтың «DOWN – WAY» қойылымы назарларыңызға ұсынылады. Спектакльдің басталуы – 3 қыркүйек, сағат 11:00-де.

Қойылымның режиссері Болат Абдрахманов.
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

Пікір жазу