Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Биылғы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 350-ден астам оқушы қабылданды. Олар оқу жылын ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен бастады.

Елімізде қалыптасқан пандемиялық ахуалға орай, 16 кезекші сынып арақашықтық пен сақтық шараларын жасай отырып, өздерінің алғашқы сынып сағатын өткізді.
Білім күні мерекесінде сөз алған мектеп директоры Арман Орынбеков оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу-білім жолына сәт-сапар тіледі.

– №90 мектеп-гимназиясы ұлы ақынның есімін иеленбей тұрған кезде де бұрыннан қалыптасқан үрдіс бар. Мектебізде 500 оқушы аптасына бір рет, бейсенбі күні бір мезетте Абайдың қара сөздерін талдайды. Одан бөлек, сахналық көрініс көрсетіледі. Біздің мектептің әрбір оқушысы Абайдың қара сөзін жетік біледі, мән-мағынасын ұққан деп сеніммен айта аламын. Биыл үйірме жетекшілері мұндай іс-шараның барлығын қашықтан ұйымдастыратын болады, – дейді Арман Шымбайұлы.

Мектеп-гимназияда қазіргі таңда 3 мыңнан аса оқушы білім алуда. Бұл мектептің бір ерекшелігі, бұрыннан мектепалды даярлық сыныптары өздеріне белгіленген дәптерлерімен бірге әліппені оқып келеді. Биыл да солай болмақ. Аталған білім ошағына Абай есімі тектен-тек берілмеген сыңайлы.

«Сегіз жылдың ішінде қала көлемінде ҰБТ-дан орта балл көрсеткіші бойынша бес рет бірінші орын, екі рет екінші орын алдық. Оқушыларымыз грантқа түсу жөнінен де алғашқы үштіктеміз. Былтыр 107,7 орта балмен алғашқы орынға шықтық. 88 оқушының 81-і грантқа түсті. Биыл 70-тен астам оқушы грантқа түсті. Ғылыми-техникалық мүмкіндіктерімізден бөлек, материалдық-техникалық базамызбен де мақтансақ артықтық етпес. Қала бойынша шөп үстінде хоккей ойнайтын алаңша мен үлкен воллейбол, теннис алаңдары біздің мектебізде ғана бар. Одан бөлек, үлкен спорт алаңының құрылысы аяқталып жатыр», – дейді мектептің жетістіктерімен бөліскен басшы.

(С) Мөлдір Кенжебай
Фото: Серик Косаев

 

 

 

Пікір жазу