Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

«ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Ондағы мақсат – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, таланатты жастарға қолдау білдіру.

Әдемі әзіл мен тапқырлықтың тың үлгісін көрсеткен ойынға Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Арқалық қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының үздік командалары қатысты.

Көрмендерді күлкіге көміп, қазылар алқасының көңілінен шыққан Оңтүстік Қазақстан облысының «Байдың балалары» командасы бас жүлдені иеленіп, 300 мың қанжығасына байлады. Екінші орын Қызылорда облысынан келген құрамаға бұйырды. Сыр елінің командасына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілсе, ал үздік үштіктен көрінген Шымкент қаласының «Алақай-Балақай» командасы 100 000 теңгелік арнайы сыйақымен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының саны жағынан елімізде көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, күнгейдегі жастардың саны 800 мыңға жетіп жығалады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу