Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 700-ГЕ ЖУЫҚ ӨТІНІМ БЕРІЛГЕН

700-ГЕ ЖУЫҚ ӨТІНІМ БЕРІЛГЕН

Шымкент қаласында «Миндаль қосымша білім беру» платформасы арқылы 700-ге жуық өтінім берілген.

Қалада ерекше маңызды деп танылатын білім саласы толығымен автоматтандырылған. Балабақшаға кезекке қоюдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласына дейінгі қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшкен.

Солардың бірі — қосымша білім беру ұйымдарында енгізілген «МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

–«МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы арқылы ата-аналар балаларын ән-би, көркем-сурет секілді түрлі қосымша үйірмелерге қатыстыру үшін өтінім бере алады. Осыған дейін бұл қызмет бес жұмыс күнінің ішінде қаралып келген. Ал қазір 30 минуттың көлемінде үйірмеге қабылдануға мүмкіндігі бар», — деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, аталған платформа арқылы былтыр 142 өтінім берілген, биыл 633 өтініш келіп түскен.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу