Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 350 КУБ МЕТР КҮЛ-ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

350 КУБ МЕТР КҮЛ-ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында күзгі санитарлық тазарлық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Ішкі орам көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау, абаттандыру, арық — атыздарды ретке келтіру басты назарда.

Қаратау ауданы аумағында күзгі санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ішкі орам көшелер мен аулаларда қоқыстарды, қураған шөптерді жинау жұмыстары кезекті рет орындалды. Күзгі мезгілде жауын-шашынның көп болуына орай, ауданда арық-атыздарды тазалау да назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы аудан аумағындағы 24 елдімекенге əкім аппараты тарапынан жауапты мамандар бекітілген. Санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты – «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і.
Қазіргі таңда 17000 метр арық тазалынып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында  сенбілік өткенін жазған болатынбыз.

Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу