Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА 

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА 

Елімізде төтенше мәселелер туындайтындығын, қашықтан оқу жүйесіне көшуді ешкім күткен жоқ. Бұл өзгеріс әсіресе көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қиындық туғызғаны да бар. Мұндай ата-аналардың бұл құрылғыларды сатып ала қоятын қаражаты да бола бермейтіні рас. Қазір қиындық туғызған мәселе өз шешімін тауып, техникалық құрылғыларды жеткізу, тарату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына ноутбуктер, планшеттер мен компьютерлер қолданысқа берілуде.

Қашықтан білім беру жағдайында 224618 оқушының 80 780-не (36,3%) (80 780 оқушы яғни, 37 873 – компьютерге мұқтаж, 42 907-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары) компьютерге тапшылық анықталды. Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы қамтылды.

Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 44 982 оқушыны қамтылады. Оның ішінде 7 109-ы аз қамтылған отбасы балалары, ББҰДҚ сәйкес 37 873-і компьютерді қажет ететін отбасы балалары.
Ағымдағы жылғы шілде айында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасы балаларының саны 35 798-ді құраса, бүгінгі таңда аталған санаттағы балалар саны 42 907-ні құрады.
Қазіргі таңдағы орта білім беру ұйымдары оқушыларына таратылған компьютер саны – 33 840.

Оның ішінде:
— 01.07.2020 жылға дейінгі компьютер саны – 9 226.
-2020 жылғы шілде айында сатып алынғаны –10 975. Қаралған қаржы – 2 250 000,0 мың тг.
— 29.09.2020 жылғы дейінгі компьютер саны – 7438 дана
— 30.09.2020 жылғы дейінгі ноутбуктер саны – 2000дана
— 30.09.2020 жылғы дейінгі планшеттер саны – 4201 дана.
Компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмыстар жалғасуда -компьютерлік құрылғы саны – 36 355 ( 7 438 — компьютер, 24 716- ноутбук, 4 201- планшет).

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу