Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты.

Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ.

Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші театр маусымының шымылдығы түріліп, «Аманат» деп аталатын тамаша туындыларын дайындап отыр. Шымкент әзіл — сықақ және сатира театры XIII маусымының ашылуына орай Уәлибек Абдраимовтың «Карантиндегі қызықтар» атты сазды – думанды қойылымын тамашалауға шақыруда.

Айта өту қажет, санитарлық талап пен арақашықтықты сақтау үшін көрермен залы елу адаммен шектеледі. Сондай-ақ медициналық бетпердемен келу міндеттеледі.

Карантин салдарынан барлық театрлар жабық болған соң көрермендер қойылымдарды сағынғаны анық. Жаңа премьералар көпшіліктің көңілінен шығады деп сенеміз.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу