Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КАРДИОЛОГТАР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

КАРДИОЛОГТАР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

Шымкент қалалық кордиология орталығының дәрігерлері дендросаябақта серуендеп жүрген азаматтарға тегін кеңес берді. Шараның басты мақсаты қала тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, салалуатты өмір салтына дәріптеу болатын. Акция Дүниежүзілік жүрек күніне орайластылырып өткізілді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Акция аясында кардиолог дәрігерлер, шахар тұрғындарының қан қысымын өлшеп, оларға қажетті кеңестерін берді. Ақ халаттылардың бұл ісіне саябаққа келіп серуендеушілерде дән риза. Сондай-ақ мұндай шаралар  өткізіліп тұрса қала халқынада көмек болар, еді дейді тұрғындар.

Ал дәрігерлер болса, әр адам өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтады. Сондай-ақ  қазір жастар жиі ішетін газдалған  және түрлі  энергетикалық сусындармен шылымнан бастартса жүрек ауруының алдын алуға болатынын айтады. Кардиологтардың келтірген мәліметіне жүзінсек  жүрек ауруына шалдыққан  адамдардың саны аз емес көрінеді.

Шараның соңында Саябаққа келіп демалушылардың денсаулығыменен бірге, спортқа баулу мақсатында веложарыс өткізілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу