Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Қазақстанды әлемдік өркениетке жетелейді

Қазақстанды әлемдік өркениетке жетелейді

Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің алфавитімізде ұлттық болмыс, ұлттық сипат болады. Латын алфавитінен қазақтың рухын көріп тәрбиеленсе жастарымыз, қала берді келешек ұрпақ ұлтжанды болар еді деген ойдамын.

1926 жылы Бакуде дүниежүзілік туркологиялық конгрес өткен, сонда Кеңестер Одағындағы мемлекеттер тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесі сөз болған. Сол жерде Ахмет Байтұрсынов бұл ұсынысқа қарсы болды. Есесіне қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұлов латын әліпбиіне көшуді қолдады. Ол кезде Сауд Арабиясында елші болып жүрген азамат көп тіл білетін, араб, парсы, шығыс тілдерін айтпағанда, неміс, француз, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеген. Қала берді тәжік тілінде оқулық жазған. Ол кісі қоғамның келешегі латын тілінде екенін ескеріп, конгресте сөз сөйледі. Бірақ латын әліпбиі бас-аяғы 5-6 жыл көлемінде-ақ болды. Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» латын әріптерімен басылып шықты. Алайда көп ұзамай-ақ Кеңес үкіметінің басшылығы бәрін кириллицаға өткізіп жіберді.

Латын әліпбиіне көшу туралы тиісті шешім алынды. 25 әріп ұсынылды. Жалпы, оның орыс тіліне зияндығы жоқ. Кирилица қатар жүре береді. Осы мәселелерді біз халыққа жеткізуіміз керек. Бұл біздің еліміздің әлемдік деңгейде өркениетке жетудің бір амалы болады.

Құлбек Ергөбек,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазу