Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АНТҚА АДАЛ БОЛУДЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП КЕТТІ

АНТҚА АДАЛ БОЛУДЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП КЕТТІ

2020 жылы 12 қараша күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қызметтік бабында жүріп, өз жолынан таймай, тура келген ажалды қаймықпай қарсы алған Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды.

Осыдан тура 9 жыл бұрын Жамбыл облысында орын алған оқиға елдің есінде қалды. 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау кезінде 7 адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының 5 қызметкері қаза тапқан еді. Қаруланған қылмыскер өзін-өзі жармақ болғанда, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу үшін еш ойланбастан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жапты. Салдарынан оқиға орнында қаза тапты.
Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонның взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың осы ерлігі құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген әрбір азаматқа үлгі. Осы ерлікті дәріптеу мақсатында 2011 жылдың 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың әйелі Гүлжамал Тажиеваға “Халық қаһарманы” атағына қосымша “Алтын жұлдыз” белгісі мен “Отан” орденін табыстады.

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде қызмет атқару үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қауіппен қатар жүрген сала мамандары Отан үшін әркез от кешуге әзір болуы керек. Осындай бейбіт заманда қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігін біз ешқашан ұмытпаймыз. Әріптесіміз Ғазиз ел үшін туған ұл. Ол өз әрекетімен нағыз батырлықтың, ерліктің үлгісін көрсетіп кетті. Антқа адал болудың үлгісін көрсетіп кетті. Қара бастың қамы емес, қоғамның тыныштығы жолында өзін оққа орады. 12 қараша — Ғазиз Байтасовтың ерлігі қашанда үлгі-өнеге болып қала береді, – деді Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл—Фараби ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Мырзахметов.

#dp_shymkent #polisiakz #qriim_mvdrk #police_shymkent #департаментполициигородашымкент #шымкентқаласыныңполициядепартаменті

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу